Жаңалықтар

Астанада құтқарушылар жабық қалған есікті ашып, үш жасар баланы аман алып қалды

The final spritzer

Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады

Астанада әйел адам подъезге шыққан сәтте есік тарс жабылып, оның үш жасар қызы пәтерде жалғыз қалған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қорқып кеткен ана дереу құтқарушыларға хабарласқан.

Оқиға Тұран даңғылындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Хабар түскен бойда ТЖМ қызметкерлері шұғыл жетіп, жағдайды бағамдап шықты. Қауіпсіз әрі жылдам әдісті таңдай отырып, құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 9-қабаттан 5-қабатқа түсіп, терезе арқылы ішке кірді де, есікті ашты.

Абырой болғанда, бүлдіршін еш зиян шекпеген. Құтқарушыларды көргенде, кішкентай қыз қуанып, анасы оларға жедел көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.