Астанада Түркиядан оралған құтқарушыларды күтіп алды
Астанада Түркиядан оралған құтқарушыларды күтіп алды
Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны елге аман-есен оралды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин және Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи құтқарушыларымызды күтіп алып, алғыс білдірді. Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының күшімен 7 адам құтқарылды. Қаза тапқан 88 адамның денесі шығарылды.