Жаңалықтар

Астанадағы LRT құрылысында 700 қазақстандық жұмыс істеп жатыр

The final spritzer

Бұл туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерболат Әбілхатын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты

Астанадағы LRT құрылысында 1900 жұмысшы еңбек етуде, соның ішінде 700-і – қазақстандықтар, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Қазақстандық жұмысшылар негізінен жүк көліктерін, крандарды басқарумен, жобалау жұмыстарымен айналысады. Сонымен қатар, олар бірқатар арнайы құрылыс жұмыстарына да тартылған», – деді ол.

Әбілхатынның айтуынша, биыл қазақстандық жұмысшылардың саны артуы мүмкін, себебі жақында рельс төсеу жұмыстары басталды.