Жаңалықтар
Астанада «Сарыарқа» сауда-ойын сауық орталығында өрт шықты
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 ақпан, 2025
- 177

Орталықтағы адамдар эвакуацияланды.
Елорданың Тұран көшесі бойында орналасқан «Сарыарқа» сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Дәл қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Ал орталықтағы адамдар эвакуацияланды.
Өрт СОО негізгі ғимаратына және ғимараттың қаптамасына екі қабатты қосымша ғимаратта басталған. Құрылыс материалдарын талдау мен су төгу жұмысы жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген ТЖМ мәліметінде.