Жаңалықтар
Астанада үй қызметшісі 10 миллион теңгенің зергерлік әшекейлерін ұрлаған
- авторjambylinfo.kz
- 30 желтоқсан, 2024
- 1.2k
Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады
Еордада үй қызметшісі 10 миллион теңгенің зергерлік әшекейлерін ұрлаған. Күдікті әлгі үйде 6 ай жұмыс істеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Қожайыны оған сенім білдіріп, барлық бөлмелерге еркін кіруге мүмкіндік берген. 27 жастағы әйел бұл жағдайды пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тұрақты түрде ұрлап, оларды ломбардқа өткізген. Залалдың жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрады.
Ұрланған заттардың арасында Tiffany сырғалары мен Casato брендінің бриллиант жүзігі болған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Танымал суретші Қайырбай Зәкіров дүниеден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






