Жаңалықтар
Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2022
- 145
Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Нұр-Сұлтан қаласында іздеуге жарияланған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Рolisia.kz.
«Елорда Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 қатысушысын ұстады.
Олардың ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі «Бұзақылық« бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынып жүргені, Петропавл қаласында іздеуге жарияланғаны анықталды.
Ұстау кезінде күдіктілер травматикалық патрондармен оқталған «WALTHER», «ОСА» маркалы тапаншалармен қаруланған болды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бап 2-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз