Жаңалықтар

Астанада жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй: 5,6 мыңнан астам өтінім түсті

Астанада жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй: 5,6 мыңнан астам өтінім түсті

12 қарашада Астанада жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау жұмысы аяқталды. Qatysu.zhilfond.kz

 порталына елорда тұрғындарынан бас-аяғы 5 623 өтінім түсті. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға 770 пәтер бөлінеді. Азаматтардың өтінімдерінің статусы туралы ақпарат өтінім беру кезінде көрсетілген телефон нөміріне жіберіледі.