сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 22:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада жұмыс кестесін өзгерту ұсынылды

Астанада жұмыс кестесін өзгерту ұсынылды
Фото: pixabay.com
Бұл бастама жолдағы кептелісті азайту мақсатында ұсынылып отыр. Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаевтың айтуынша, әртүрлі ұйымдардың жұмыс күнін әр уақытта бастау көлік қозғалысын реттеуге көмектеседі.

Астанада өткен қалалық мәслихат отырысында кейбір мекемелердің жұмыс уақытын өзгерту мәселесі көтерілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ұсынылған өзгерістер:

Медициналық мекемелер – 7:30-дан (қазіргі 8:00-дің орнына)
Мектептер мен балабақшалар – 8:00-ден
Министрліктер мен ұлттық компаниялар – 8:30-дан (қазіргі 9:00-дің орнына)
Банктер мен қаржы ұйымдары – 9:30-дан (қазіргі 9:00-дің орнына)
Сауда және бизнес орталықтары – 10:00-ден (қазіргі 9:00-дің орнына)

"Бұл мәселені Үкімет деңгейінде талқылап, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен келісеміз. Жұмыс уақыты жарты сағат немесе бір сағатқа өзгеруі мүмкін. Бұл қаладағы адам ағынын біркелкі таратып, жол қозғалысын жеңілдетуге ықпал етеді", – деді Өтебаев.

Қазіргі таңда бұл ұсыныс әлі қарастырылып жатыр, нақты шешім қабылданған жоқ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар