Жаңалықтар

Астанада жігіт кездесуде бейтаныс қыздың сусынына есірткі қосты

Астанада жігіт кездесуде бейтаныс қыздың сусынына есірткі қосты

Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталған деп Жамбылинфо сайты ІІМ Telegram арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Астаналық полициялерге жас қыз арыз түсірген. Ол сырттай таныс адамы кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан.  Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында жастардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталған. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған. Әрі қарай болған оқиғалар кофе ішкен соң жәбірленуші қыздың есінде қалмаған. Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстаған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ барлық қажетті сараптамалар тағайындалған. - Бейтаныс адамдармен кездескенде достарыңыз немесе туыстарыңыз сіздің кіммен, қайда және қанша уақыт сонда болатыныңызды білетініне көз жеткізіңіз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыз, - деп полиция өкілдері ескерту жасады.