Жаңалықтар

Астаналық 7 жасар оқушы халықаралық олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астана қаласындағы №81 Astana English School мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық StemCo олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан "Математика және Science" пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озып, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, осы мектептің 4-сынып оқушысы Зере Ақболат "Жаратылыстану" пәнінен сынға түсіп, қола медальға ие болды.

Жеті жастағы Нұрлан Нұрдаулет олимпиаданың алғашқы онлайн кезеңінен сүрінбей өтіп, Сингапурда өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.