Жаңалықтар

Астананың 2025 жылғы бюджеті ұлғайтылмақ

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметә мәлімдеді

2025 жылы Астана қаласының бюджеті ұлғаюы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz КазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, елорда бюджетінің кіріс бөлігі 1 444,5 млрд теңгеге дейін өседі – бұл бұған дейін жоспарланған сомадан 39,2 млрд теңгеге артық.

Шығыстар да артып, 1 037,4 млрд теңге орнына 1 150,4 млрд теңгені құрайды.

«2025 жылғы бюджетті орындау барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қосымша қажеттіліктерді және қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды мәлімдеді. Осыған байланысты Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мәслихаттың «2025-2027 жылдарға арналған Астана қаласының бюджеті туралы» 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №243/32-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын дайындады», – делінген қаулыда.