сенбі, 17 қаңтар, 2026 17:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі жөндеуден кейін қайта ашылмақ

Ә. Қастеев атындағы өнер музейі жөндеуден кейін қайта ашылмақ
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Мемлекет басшысының қолдауымен қысқа мерзімде жүргізілген кешенді жаңғырту жұмыстары өнер туындыларын сақтау және экспозициялау үшін заманауи жағдай жасауға бағытталды.
Музейдің ішкі бөлмелері мен шатыры жаңартылып, еден жабындары ауыстырылды, сондай-ақ инженерлік жүйелер жаңғыртылып, климаттық бақылау жүйесі орнатылды. Нәтижесінде елдегі басты көркем галерея заманауи халықаралық стандарттарға сай, халықаралық деңгейдегі көрме жобаларын іске асыруға толық дайын», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ музей мамандары экспозицияларды да жаңартқан. Көрерменге бұрыннан таныс қазақстандық және әлемдік өнер жауһарларымен бірге жаңа бөлімдерді ұсынып отыр.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар