Асыл тұқымды қой сатып алуға берілген 13,5 млн теңгені жымқырған шымкенттік сотталды
Асыл тұқымды қой сатып алуға берілген 13,5 млн теңгені жымқырған шымкенттік сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Агроөнеркәсіпті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Қазақпарат сайтына сілтеме жасап. «Мәселен, өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 млн теңгеге өтінім берген. Алайда, сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді», - дейді ведомство өкілі. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.