14 қаңтарда Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Асылбек Нұралинді Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты "ҚХП" Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге берілсін", - делінген хабарламада.
Бүгін Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.