Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады 💬 Қымбатты отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы. Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр. Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз. Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!