Қасым-Жомарт Тоқаев: Елімізде ұзақ жыл бойы ғылымға баса назар аударылған жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаев: Елімізде ұзақ жыл бойы ғылымға баса назар аударылған жоқ
Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы өтті. «Ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек», - деді Президент.