сейсенбі, 2 шілде, 2024 17:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты
Arasha kz
Президент журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап

– Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Күні кеше қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасында өмірден озды деген ақпарат тарады. Қаралы хабарды Шымкент қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының бұрынғы басшысы Мәди Манатбек Instagram-дағы  жеке парақшасында жазды. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар