сейсенбі, 20 мамыр, 2025 12:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөздер өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам шағын құрамда келіссөздер өткізді
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам шағын құрамда кездесу өткізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы То Ламның Астанаға алғашқы сапарын қос ел арасындағы берік достықтың айқын дәлелі екенін атап өтті.

 

– Вьетнам – Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктесі. Біздің өсіп-өркендеу жолындағы мүддеміз – ортақ. Мен екі жыл бұрын Вьетнамға ресми сапармен бардым. Сонда екіжақты ықпалдастықтың жаңа бағыттарын дамытуға уағдаластық. Келесі айда екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 33 жыл толады. Алдағы уақытта да қос халықтың достығы нығая бермек. Мен бұған кәміл сенемін. Біз ортақ мақсат-міндеттерге жету үшін күш жұмылдыруға әрдайым дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

То Лам көрсетілген қонақжайлылық үшін алғыс білдіріп, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

– Сіздің Вьетнамға жасаған сапарыңыздан кейін екі жыл өткенде біздің делегацияның еліңізге арнайы келуі мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өзара сенім деңгейінің жоғары екеніне айқын дәлел. Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады, – деді ол.

То Лам елордада тағы екі күн болып, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысады.

 

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар