жексенбі, 6 қазан, 2024 3:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы теледебатқа қатысады ма?

Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы теледебатқа қатысады ма?
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау алдындағы теледебатқа қатысады ма?
Р Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Үгіт-насихатты кандидаттың өзі анықтайтын сенімді өкілі өкілеттігі шегінде жүргізеді. Сондықтан бұл жағдайда сенімді өкіл кандидаттың атынан пікірсайысқа қатысады. Өйткені, кандидат оған сенім білдіріп отыр. Нақты себебіне келер болсақ, бұл сұрақтың Орталық сайлау комиссиясына қатысы жоқ. Біз алғашқы отырыс өткізгеннен кейін барлық штабқа сауал жібердік. Штаб бізге дебатқа қатысатын кандидатураларды ұсынды. Сенімхатын қарадық. Олар міндеттерге толық сай келеді. Сондықтан осындай тізім бекітіліп отыр», - деді Анастасия Щегорцова. Айта кетейік, 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысқа Қасым-Жомарт Кемелұлынан басқа кандидаттардың барлығы қатысады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар