Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік жұмыс сапары басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті Ақордада қарсы алды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесу өткізді. 

Мұнан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты

Кеңес отырысында екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтудің басым бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміз Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.

Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды

Келіссөздер қорытындысында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.