Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті телефон арқылы сөйлесіп, өзбек президентін туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын атап өткен. 

Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылаған. 

Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырып, жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтаған.