жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
Ақорда
Мемлекет басшысын Анкараның "Есенбоға" әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған өзі күтіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар