жексенбі, 24 қараша, 2024 4:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен алдағы кездесуі туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен алдағы кездесуі туралы айтты
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен алдағы кездесуі туралы айтты
Ресейлік  «Известия» газетіне сұхбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен Астанада өтетін кездесуінде талқыланатын күн тәртібіндегі мәселелер ауқымды екенін атап өтті.
9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана әуежайында оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Сарапшылар Кремль басшысының Астанаға сапары бұрыннан Ресейдің ықпалы жүретін аймақ саналып келген өңірге Батыстың назары күшейген шаққа дөп келіп отырғанына назар аударады. Путин Астанаға бейсенбі күні таңертең ұшып келді. Оны әуежайдан Тоқаев тосып алған сәттен түсірілген фото мен видеоны ресми басылымдар таратты. Түстен кейін екі мемлекеттің президенттері Ақордада кездесті. Кездесудің салтанатты бөлігінен кейін екеуі Қостанайда басталған Қазақстан мен Ресейдің 19-өңіраралық ынтымақтастық форумына Астанадан онлайн қосылып, жиынды ашты. Бұл шараға қатысушылар ауылшаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды деп бұған дейін айтылған. Бейсенбі күні Ақордада санаулы адамның қатысуымен өткен кездесуде Тоқаев Путиннің Қазақстанға келуіне байланысты сөзінде "таңертең сіз Астанаға ұшып келгеніңізде аспанда ай туып, шоқ жұлдыз жарқырап тұрды, бұл өте сирек құбылыс. Мен оны жақсы нышанға жорыдым" деп мәлімдеді. "Сіз Астанаға 2013 жылғы 11 қарашада Екатеринбургте тату көршілік пен одақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толар қарсаңда келіп отырсыз. Бұл жанжақты құжат Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының құқықтық негізі болды", – деген Тоқаев. Кездесуде Батыстың Ресейге салған санкциялары мен Украинада екінші жыл жалғасып жатқан соғыс жайы талқыланды ма, ол жағы әзірше белгісіз. Журналистер кездесудің ашық бөлігін өзге жерден монитор арқылы бақылап отырды. Қостанайдағы өңірлік форумға қатысушылардың – Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің мүшелерінің сөзін Қазақстанның "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасы көрсетті. Форумға қатысушыларға сөзінде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-саттық көлемінің үштен бірінен астамы шекаралық аймақтардың үлесіне тиетінін айтты. Жұманғарин ресейлік компаниялар атқарып жатқан шаруаларды сөзіне қосты, мысалы, қант өндіретін зауыттар сатып алып, Қазақстанның оңтүстігінде жылыжай кешендерін ашып жатқанын айтты. Бұған қоса Қазақстаннан Новосибирск пен Челябинск сияқты Ресей қалаларына қатынайтын әуе рейстері санын ұлғайту туралы келісім жасалып жатқанын жеткізді. Путин Қазақстанға келер алдында Кремль бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты дамытуға бағытталған деп мәлімдеген. Және оның қорытындысы бойынша "бірақатар маңызды біріккен құжаттарға" қол қойылады деп жоспарланып отырғанын айтқан. Путин Астанаға Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға сапарынан кейін бір апта өткенде келді.
«Біз екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық серіктестікті егжей-тегжейлі талқылауды жоспарлап отырмыз. Халықаралық ұйымдар мен интеграциялық құрылымдар аясында өзара әрекет ету аспектілерін қарастырамыз. Қазіргі ахуал, халықаралық жағдайды дамыту негіздері туралы пікір алмасамыз. Бағдарламаның тағы бір бөлігі – Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу. Бұл – екі елдің аймақтары мен кәсіпкерлері арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетін ерекше әрі тиімді формат. Биыл біз Қостанай қаласында форумды 19-шы рет өткіземіз. Іс-шара тақырыбы – ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестік. Ресей Президентінің Қазақстанға сапары мен форум сәтті және жемісті болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар