Әріптесіміз Гүлжан Асанова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
- авторjambylinfo.kz
- 29 қазан, 2024
- 241
Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің белді қызметкерлері ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесі мен қажырлы қызметі үшін марапатталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Знамя труда» газеті бас редакторының орынбасары Гүлжан Асанова «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталса, басылымның дизайнері Станислав Манько ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесі мен қажырлы қызметі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.
Марапат иелерін облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова мен «Aulieata-media» серіктестігінің Бас директоры Данияр Асқарұлы табыстады.
Өз кезегінде Ұлана Сламбекқызы жуырда ғана 105 жылдығын кең көлемде атап өткен "Знамя труда" газетінің шығармашылық ұжымына толайым табыс тіледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз