Ата-әженің немерелерімен қарым-қатынасы: заңға жаңа бап енгізіледі
Ата-әженің немерелерімен қарым-қатынасы: заңға жаңа бап енгізіледі
Елімізде атасы мен әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баламен қарым-қатынасына қатысты норма қоғам талқыcына шығарылды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. ҚР Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасы 24 ақпанға дейін талқылауға шығарылып отыр. Бұл өзгеріс «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне ұсынылуда. Толықтырылған 73-1-бапта «Атасының, әжесінің, бауырларының және басқа туыстарының баласымен қарым-қатынас жасау құқығы» деп аталады.