Жаңалықтар

ҚАТАРДА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАТАРДА ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Байрақты бәсеке қарсаңында жеңімпаздарға тағайындалған сыйақы көлемі жарияланды. Яғни әлемдік алманда топ жарған команда 42 млн доллар алады. Бұл футбол тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Мәселен, 2018 жылғы дүниежүзілік додада жеңіске жеткен Франция құрамасына 38 млн доллар берілген болатын. Бұған қоса, 2-ші және 3-ші орын алған командаларға да көлемді сыйақы қаластырылған. Тіпті ең соңғы, яғни 32-ші орынға тұрақтаған құрама да назардан тыс қалмады. Оған 9 млн доллар табысталады.

Жоғарыда айтқандай, әлем чемпионатына бас-аяғы 32 команда қатысады. Халықаралық футбол федерациясы осы мақсатта 440 миллион доллар жұмсамақ. Ал әлем чемпионатының өзі 20 қараша мен 18 желтоқсан арасында өтеді.