Жаңалықтар
Қатарлық инвесторлар «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алмақ
- авторjambylinfo.kz
- 18 ақпан, 2023
- 182
Қатарлық инвесторлар «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алмақ
Қатарлық инвесторлар ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Bloomberg News агенттігінен мәлім еткеніндей, қатарлық инвесторлар «Манчестер Юнайтед» клубын сатып алу үшін шамамен 5 млрд фунт стерлингке (6 млрд доллар) бастапқы өтінімді әзірлеп жатыр.
Құрамына елдің бұрынғы премьер-министрі және Қатар инвестиция басқармасының экс-басшысы Хамад бин Джассим бин Джабер Аль Тани кіретін консорциум америкалық Глейзер отбасынан клубты сатып алу үшін ұсынымды аяқтап қалған.
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, талқылау жалғасуда. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
Осы аптада Bloomberg News агенттігі QIA-ның жергілікті отбасылық офистермен бірге тендерге дайындыққа көмектесіп жатқанын хабарлады.
Кез келген ұсыныс британдық миллиардер Джим Рэтклифф тарапынан қарсылыққа тап болары сөзсіз, ол өз өтінімі үшін банктерден қаржы тартқан.
«Манчестер Юнайтед» - әлемдегі атақты клубтардың бірі. Оған қатысты әңгіме өткен жазда Глейзердің отбасы үлесін сату туралы хабар тарағаннан кейін өршіп кеткен. Нью-Йорктің Raine Group банк Глейзерлерге кеңес беруде.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала