Жаңалықтар

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін

The final spritzer

Жаңа ереже жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды.

Енді бұл көмекке үміткер мемлекетке шығыс операцияларын, яғни, банк шоты, банк алдындағы қарызы, микрокредиті, жинақ салымы мен депозиттегі қаражаты туралы мәліметтер ұсынуы тиіс, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құжатта көрсетілгендей, бұл өзгерістер шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. 

Жоба 5 мамырға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. Егер ол қабылданған жағдайда жаңа тәртіп биыл желтоқсанда күшіне енеді.