бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024 23:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«АЭС- болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция» - депутат

«АЭС- болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция» - депутат
Сурет: автордан
Халық қалаулысы АЭС салу – уақыт талабы деп санайды

Қазақстанда атом электр станциясын салу-энергетикалық тәуелсіздік пен экологиялық прогреске жасалған маңызды қадам. Мұндай пікірді Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры, облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

  “Атом энергетикасы бізге ауа-райына және тәулік уақытына тәуелді емес тұрақты электр көзін алуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі көмір немесе газ электр станцияларынан айырмашылығы, Атом станциялары көмірқышқыл газының ең аз мөлшерін шығарады, бұл жаһандық жылынумен күресуге және ауаны таза ұстауға көмектеседі. Қазақстан уранның үлкен қорларына ие және бұл бізге импортқа тәуелділікті азайта отырып, энергия өндіру үшін өз ресурстарымызды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, атом энергетикасы жаңа жұмыс орындарын құрып, жоғары технологиялардың дамуына ықпал етеді. Бұл біздің еліміздің экономикасына да, экологиясына да пайда әкелетін болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция болары сөзсіз. Сол себепті, Қазақстан халқын 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық рефрендумға қатысуға шақырамын»,-деді Айтбала Жолмаханова.   

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар