Жаңалықтар

Атырау облысы: Құлсарыны су басты

The final spritzer

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары қаласын су басып жатыр,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, Құлсары қаласында Құрсай өзені тасып, Стадион және Жадырасын ықшам аудандарында көшелерді су алған.

Тұрғындар жіберген видеода Құлсарыдағы үйлерді су ала бастағаны, әскерилер тұрғындарды эвакуациялауға көмектесіп жатқаны көрінеді.

 Бүгін таңертең жергілікті билік "Атырау" ықшамауданы, 4-аумақ, "вахталық поселок", "Автокөлік" ықшам аудандарына су басу қаупі төнгенін хабарлап, 202 адам эвакуацияланған.

Төтенше жағдайлар министрлігі бұған дейін хабарлағандай,  елдегі 9 өңірде су тасқыны қаупі әлі сейілмеген.

Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланған.