Жаңалықтар

Атырау облысындағы төтенше жағдай бойынша іс прокуратураға жолданады

Атырау облысындағы төтенше жағдай бойынша іс прокуратураға жолданады

Экология және табиғи ресурстар министрлігі осындай түсініктеме берді.

«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы қамыстың өртенуі мен Атырау мұнай өңдеу зауытының құбыры және «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» ЖШС құбырынан қара түтіннің шығуына байланысты өңірде күрделі экологиялық жағдай қалыптасты. Министрлік мәліметінше, екі кәсіпорынға қатысты тексеруді прокуратураға тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Екі факті бойынша мән-жай анықталады. Айта кетейік, мемлекеттік табиғи қорықтағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ. Бұған техника тапшылығы себеп.