сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда 13 жастағы бала баскетбол залында көз жұмды

Атырауда 13 жастағы бала баскетбол залында көз жұмды
Фото: azh.kz
Ойын кезінде есінен танып, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған.

Атырау қаласында 13 жастағы жасөспірім баскетбол залында қайтыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға 8 қаңтарда AiRom баскетбол академиясының спорт кешенінде болды. Жасөспірім ойын барысында кенеттен есінен танып, жедел-жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болды.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, бала 2024 жылдан бері спорт залында тұрақты жаттығып келген және оған баскетболмен шұғылдануға медициналық рұқсат берілген болатын. Жаттықтырушылар алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, жедел-жәрдем шақырған, ата-аналарына уақытында хабар берілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жасөспірімнің жедел-жәрдем келгенше көз жұмғанын растады. Кейбір ақпарат көздері оның жүрек жеткіліксіздігі болғанын жазады, алайда бұл ресми тіркелген диагноз емес.

Полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Марқұм — Тасболат Абдулазиз есімді жас спортшы, ол командада сыйлы әрі еңбекқор болғаны туралы ақпарат тарады.

Қалалық және облыстық білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары тергеуді әрі қарай жалғастыруда.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар