жексенбі, 18 қаңтар, 2026 18:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда алып бала дүниеге келді

Атырауда алып бала дүниеге келді
Фото: pixabay
Дәрігерлер 36 жастағы әйелге ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалған

Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі, бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді, деп хабарлайды Jambylifo.kz kaz.inform.kz cілтеме жасап. 

Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әйел бастапқыда облыстық перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде сәбидің салмағы шамамен 6,5 келі деп болжанған. Сондықтан дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.

"Сәби - Атырау қаласының тұрғынының алтыншы перзенті. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар мамандардың тұрақты бақылауында", - деп хабарлады перинаталдық орталық.

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар