Жаңалықтар

Атырауда алып бала дүниеге келді

Дәрігерлер 36 жастағы әйелге ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалған

Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі, бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді, деп хабарлайды Jambylifo.kz kaz.inform.kz cілтеме жасап. 

Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әйел бастапқыда облыстық перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде сәбидің салмағы шамамен 6,5 келі деп болжанған. Сондықтан дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.