Атырауда екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі қаза тапты
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні сағат 11:15-те қала аумағында орналасқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Екі жұмысшы 5- қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан 43 жастағы ер адам ауыр жарақаттан оқиға орнында қаза тапты. Ал 33 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді, Jambylinfo.kz
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.