Жаңалықтар

Атырауда елді мекендерді су басу қаупі сейілмей жатыр

The final spritzer

Қорғаныс бөгеттері көп мөлшердегі суды төртінші күн бойы ұстап тұр

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.
 

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша ағымдағы жылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша
 

Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см. 
 

Индербор ауданы 1026 см. Тәулігіне +12 см.
 

Махамбет ауданы 939 см. Тәулігіне +15 см. 
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Су тасқыны жағдайы ҚР ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.