Жаңалықтар

Атырауда ит қапқан бала жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда ит қапқан бала жансақтау бөлімінде жатыр

Оқиға 15 қаңтарда кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Тасқала елді мекенінде 8 жастағы бала сабақтан қайтып келе жатқанда бұралқы ит талап тастады. Баланы ит қапқанын ешкім көрмей қалған. Әбден талап болғаннан кейін көршісі көріп көмекке жүгірген. Бұралқы иттер жасөспірімнің басы мен қолын аяусыз тістеп тастаған. Былтыр Атырау облысында 463 адам ит, мысық тістеп, жарақат алған. Ал 2021 жылы 398 адам зардап шеккен. Яғни, бір жылда 65 адамға көбейген.