Жаңалықтар

Атырауда мемлекеттік туды қорлаған қыздарға қатысты сот үкімі шықты

The final spritzer

Соттың баспасөз қызметі бұл туралы ресми мәлімдеме жасады

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Қазақстан Республикасының туы жанында даулы суретке түскен үш қыздың ісін қарады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Сот мұны "ұсақ бұзақылық" деп танып, қыздардың біреуін 15 тәулікке қамады. 

Бұған дейін сот үкімімен қыздардың бірі 15 тәулікке қамалған еді. Оның жазасын ауырлатқан жайт әлгіндей әрекетке жасөспірімді тартқан және топ болып әрекет етуге мұрындық болған.

Екінші қызға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үшінші, кәмелет жасына жетпеген қыздың ата-анасы да 39 мың теңге айыппұл арқалады. Фотода төртінші қыздың қандай жаза алғаны белгісіз.