Жаңалықтар

Атырауда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Атырауда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Атырау қаласында қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Атырау қаласында бүгін, 4 тамызда сағат 11:30 шамасында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Қоғамдық көліктің рульінде 59 жастағы жүргізуші болған. Жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушісі Құрманғазы көшесімен қозғалып келе жатып, жол қауіпсіздігін қадағаламаған. «Автобус жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 1988 жылғы әйел адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 34 жастағы әйел жерге құлап, әртүрлі дене жарақатын алды. Зардап шеккен жаяу жүргінші медициналық жедел жәрдем көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тексеру жүргізіп, тиісті құжаттарды жинақтап жатыр. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жол ортасында жүрген жігіт КамАЗ көлігінің астына түскенін, кейін оның өзіне қол салмақ хабарлаған едік. Дәрігерлер 34 жастағы жігіттің тізесінің үсті, оң жақ жамбас сүйегі сынғанын анықтады. Жас жігіт өзінің мойынын пышақ кесіп, бірнеше жарақат салған. Оны жұмыстан үйіне қайтып келе жатқан полиция қызметкерлері тоқтатуға оқталған. Алайда, полиция қызметкерлеріне бағынбаған жігіт жолда жүріп бара жатқан КамАЗ автокөлігінің астына түскен.