Атырауда ТЖМ-ге арналған жаңа көпмақсатты ұшақ пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 мамыр, 2025
- 222

Атырау халықаралық әуежайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне арналған жаңа L 410 ұшағын салтанатты түрде таныстыру рәсімі өтті. Шараға министр Шыңғыс Әрінов пен Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында авиациялық парктің жаңаруы құтқару қызметтерінің жылдам әрекет ету қабілетін арттырып, әсіресе мұнай өндіретін және шекараға жақын орналасқан Атырау өңірі үшін ерекше маңызды екені атап өтілді.
«Бүгін біз маңызды оқиғаның куәгері болдық — L 410 Қазақстан ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық паркінің бөлігі болады. Компания базасында «солтүстік–оңтүстік, батыс–шығыс» қағидаты бойынша елдің бүкіл аумағын қамтитын 20 әуе жасағы құрылатын болады. Бұл ел басшының қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелеріне басымдық беруінің арқасында мүмкін болды», - деп Шыңғыс Әрінов атап өтті.
Бұл – ТЖМ үшін алынған L 410 ұшақтарының екінші бірлігі. Жақын арада тағы екі жаңа ұшақ келмек. Олар құтқару авиациясының мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
L 410 – 19 жолаушы немесе 1800 кг жүк тасымалдауға қауқарлы, -50°С пен +50°С аралығындағы кез келген ауа райында жұмыс істей алады. Сондай-ақ ол санитарлық авиация мақсатында да жабдықталған: арнайы зембілдер мен науқастарға арналған жүйелер орнатылған.
Ұшақты сатып алу ТЖМ техникалық жаңарту бағдарламасы аясында Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты. Алдағы уақытта Атырауда ұшаққа техникалық қызмет көрсететін ангар салынып, экипажға жайлы жағдай жасалады.
Айта кетейік, экипаж Omnipol компаниясы жанындағы Чехиядағы оқу орталығында оқудан өткен.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық чемпиондарды халық ыстық ықыласпен қарсы алды
- авторБақытжан Бекболат
- 19 мамыр, 2025