Жаңалықтар

Атырауда үздік жас шахматшылар велосипед пен смартфон ұтып алды

Атырауда үздік жас шахматшылар велосипед пен смартфон ұтып алды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Сәния Камелованың жүлдесі үшін жас шахматшылардың облыстық турнирі өтті. Оған 7-18 жас аралығындағы 32 шахматшы қатысты. Жас шахматшылар 16 тақтада ойын көрігін қыздырды. Турнирде бақ сынаған 23 ұлдың арасынан Әмірәлі Абзал жеңімпаз атанды. Профессор жеңімпазға велосипед сыйлады. Ал, қыздар арасындағы үздік шахматшы Тоғжан Аронова смартфон ұтып алды. «Бұл турнирді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен орайластыруды жөн көрдім. Өзім шахматты бала кезімнен ойнаймын. Шахмат – менің сүйікті ойынымның бірі. Адамның ойлау қабілетін арттыратын бұл ойынға балалардың қызығушылығын ояту үшін осындай турнирді өткізуді ойластырдым», -дейді Сәния Камелова.