Жаңалықтар

Атыраулық отбасы 120 мың теңге жалақыны жинап, 7 пәтер сатып алған

Атыраулық отбасы 120 мың теңге жалақыны жинап, 7 пәтер сатып алған

Атыраулық Айдана Түсіпова күйеуінің азғантай жалақысын жинай жүріп, 7 пәтер сатып алған. Ол АйнаLine бағдарламасында баспанасыз жүргендерге өз кеңесін айтты. «Өзім декреттік демалыста отырдым. Ал күйеуімнің жалақысы 120 мың теңге болатын. Ата-енемізбен бірге тұрғандықтан, азық-түлік және басқа да шығындарды сол кісілер мойнына алды. Сондықтан жолдасымның ақшасын үй алу үшін жинай бердік. Солай 3 миллион теңге жиналғанын байқамай қалдық.

Сондай-ақ ол көпшіліктің үй алар кезде жіберетін қателіктеріне тоқталып, өз кеңесін айтты.

Бүгінде біз ата-енемізбен бірге тұрамыз. Жеті пәтеріміздің алтауын жалға беріп қойдық. Ал бір пәтерді жұмыс орнымыз ретінде ұстап отырмыз», - дейді жолы болған әйел.