Жаңалықтар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз қаласында қауіпсіздік шаралары жүргізілуде

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз қаласында қауіпсіздік шаралары жүргізілуде

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз қаласында қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Апаттық жағдайлар орын алған жерлерде авариялық бригадалар жұмыс жасауда деп хабарлайды Жамбылинфо.

Құмшағал, Көлтоғанға шығатын Пригородныйда электр желілері апаттық жағдайда өшкен. "ТГЭС" ЖШС авариялық қалпына келтіру бригадасы ақауды анықтап, тексеру жүргізуде. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктер қалыпқа келтірілуде. Қатты жел салдарынан "Зеленый ковер" алқабы аумағындағы 628-ші трансформатор торабы апаттық жағдайда өшкен.Бригада тексеру жүргізді. Анықталған ақау жойылып, электр жүйесі сағат 13:25-те қайта қосылды. Бүгінгі желден қаладағы 8 билборд пен 2 пилондағы және Көне Тараздағы ғимарат терезелеріне ілінген банерлер, Тұңғыш Президент саябағындағы Мемлекеттік Ту жыртылды. Қазіргі уақытта жыртылған материалдарды реттеу жұмыстары жүргізілуде. Қолайсыз ауа-райынан зардап шеккендер  тіркелмеген.   Сондай-ақ, қалада жылу,газ және электр энергиясы қалыпты берілуде. Жағдай тұрақты бақылауда.