Жаңалықтар

Қауіпсіз көлік

Қауіпсіз көлік

Төтенше жағдайлар бөлімі Жамбыл аудандық полиция бөлімімен бірлесіп қауіпсіз көлік тақырыбына үгіт-нәсихат жұмыстары өткізілді. Қазіргі кезде қыс мезгілінде автокөлік қыздыру мәселесі бойынша автокөлікке көбірек көңіл бөлінуіне назар аударуларынызға сұранады. Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да айтады. Сонымен бірге қарсы келе жатқан көліктердің жүргізушілерінің белгі берулері байқалмаған қауіп туралы хабарлау болуы мүмкін. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Төгілген бензин бақытсыздыққа әкелген оқиғалар аз емес: кейде жанармайдың лап етуі үшін гайка кілтін түсіріп алу жеткілікті. Көліктегі синтетикалық материалдар былай жанады: анықталған температураға дейін шыдап, содан соң ғана жанады, оны сөндіру өте қиын. Салонда өрт басталғанға дейін де адам көліктің ішінде бір жарым минуттан көп емес отыруға болады – бұл орташа мәліметтер. Сондықтан оттың бірінші белгілерінде көлікті тоқтатып, жандырғыш кілтін суырып алып, қол тежеуішіне қою керек. Егер түтін капот астынан шықса, онда оны абайлап ашу керек, оттектің келуінен оттың лап етуі мүмкін. Өрт қауіпсіздігі ережелерімен отыны аққан және электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.Аккумулятор батареясын қайтадан зарядтау да қауіпті - өйткені осы уақытта бос сутегі бөлінеді. Ол ауамен қосылған кезде ұшқыннан жарылуы мүмкін. Сондықтан қайтадан зарядтау кезінде ашық отты қолдануға болмайды, ал аккумуляторды клемдерге берік бекіту керек. Төтенше жағдайлар кезінде 101 немесе 102 нөмірлерге қоңырау шалыныз.