Жаңалықтар

"Ауруханада орын жоқ". Ақтөбеде қызылша жұқтырған балалар реанимацияға түсіп жатыр

"Ауруханада орын жоқ". Ақтөбеде қызылша жұқтырған балалар реанимацияға түсіп жатыр

Ақтөбе облысында қызылша инфекциясы қарқын алуда, облыстық стационар лық толы, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 75 адам қызылша ауруымен жатыр. Басқа жұқпалы аурулары бар науқастар басқа медициналық мекемелерге жіберілді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қала сыртындағы науқастар үшін қосымша орындар ашты.

Асқынуларға байланысты қызылшамен ауыратын екі бала қазір реанимацияда. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдер де қызылшамен ауыра бастады. Екі жүкті әйел сырқаттанды. Өңірде 90 миллион теңгеге 30 000 доза вакцина сатып алынды.