Ауруханада жылу қалыпты деңгейде берілуде
Бүгін «Фейсбук» әлеуметтік желісінде Тараз қалалық мәслихатының депутаты, қазір облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқан Эльмира Мырза-Ғали аталған ғимараттың суықтығына және ыстық судың қалыпты деңгейде берілумеуіне шағымданған болатын. Аталған мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.
Мәселенің мән-жайын зерделеу үшін құрамында қоғамдық бақылау және мониторинг тобының облыс бойынша үйлестірушісі мен БАҚ өкілдері бар комиссия мүшелері аталған нысанды аралап, жылу жүйесі мен қазандығының жағдайымен танысты. Бүгін таңғы сағат 6-30 бен 7-лер шамасында жылу беру қазандығынан ақау шығып, жылу температурасының төмендегені анықталып, жағдай қалыпқа келтірілгені белгілі болды.
Арнайы қорғаныш костюмдерін киіп, палаталарды аралаған комиссия мүшелері емделушілермен әңгімелесті. Олардың айтуынша, палаталардағы жағдай тұрақты, температура қалыпты деңгейде.
https://youtu.be/cuwmUrsWgSo
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала