жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 14:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды

Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды
ашық дереккөзі
Australian Open-2023: Рыбакина бүгінгі жеңісі үшін 288 млн теңге алды
Теннисші Елена Рыбакина Австралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2023 ашық чемпионатында жартылай финалға шыққаны үшін қомақты ақшалай сыйлық алады. Турнир ұйымдастырушылары оған 623 500 доллар (288 млн теңгеден астам, –  ред.) сомаға чек әзірледі. Егер Рыбакина AusOpen-2023 чемпионатының финалына жетсе, бұл сыйақы екі есеге жуық көбейеді.  Оның үстіне отандасымыз қазір Теннистен әйелдер қауымдастығының Live рейтингінде 12-орында тұр. Теннисші Australian Open-2023 чемпионатын әлемнің 25-ракеткасы ретінде бастаған еді. Жалпы, Австралияның ашық чемпионатының биылғы жүлде қоры рекордтық көрсеткішке жетіп, 52 млн доллар болды. Әйелдер мен ерлер арасындағы жеке сында чемпиондар үш миллион АҚШ долларына жуық ақша алады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар