Жаңалықтар
Ауылға жұмыс істеуге барған мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлеріне 345 мың теңге жәрдемақы беріледі
- авторjambylinfo.kz
- 5 мамыр, 2023
- 234
Ауылға жұмыс істеуге барған мұғалімдер мен мәдениет қызметкерлеріне 345 мың теңге жәрдемақы беріледі
Ашық НҚА порталында ауылға жұмыс істеу және тұру үшін барған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы бұйрық жобасы жарияланды.
«Көтерме жәрдемақы 100 еселенген айлық есептік көрсеткішке тең (345 мың теңге) сомада, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік несие 1500 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (5,2 млн теңгеден) аспайтын сомада айқындалсын», делінген құжатта.
Бұйрық жобасы 22 мамырға дейін талқырауға ұсынылды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз