Жаңалықтар

"АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

"АУЫЛ АМАНАТЫ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВТЕРІНЕ ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Байзақ ауданы, «БНК GROUP» ЖШС алқабында өткен шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек 10 ауданнан келген 15 кооператив төрағасына жалпы 55 дана түрлі ауыл шаруашылық техникасын табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Талас ауданынан "Бостандық-2023", "Аққұм Елі", "Aral-tobe-Agro" және "Ақкөл-Агро" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері "МТЗ", "YTO" маркалы су жаңа тракторларға ие болды. Айта кетейік, 2019 жылы облысымызда пилоттық режимде бастау алған «Ауыл аманаты» жобасы бүгінде өзінің тиімділігін көрсетіп, Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, оң тәжірибе республика көлемінде таралуда.