АУЫЛ-АЙМАҚТА АМАНАТТЫҚТАР
«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Жамбыл ауданына қарасты Қаратөбе ауылдық округінде болды. Жиында алғашқы сөз кезегін алған Абдалы Нұралиев Тоқбергенұлы сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағына тоқталып, қатысушыларға кеңінен түсіндірді. Айтуынша, партияның мақсат-міндеттері қоғамдық қабылдауларда, тұрғындардың өтініш-ұсыныстары негізінде құрылған. Сондықтан, халық мүддесі үшін қызмет етеді.
- Қазіргі таңда Әулиеата өңірі бір миллион астам халық мекендейтін аграрлы-индустральды аймақ. Күн өткен сайын қарқынды әрі үздіксіз дамып келе жатқан өлкеде «AMANAT» партиясының түрлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, құрамында екі жел электростанциясы, күн электростанциясы, жем зауыты, жарамсыз картоннан бүктеме қағаздар шығаратын зауыт пен екі құс фабрикасы, құс етін өңдейтін зауыттар, консерві өнімін шығаратын кәсіпорын мен азық-түлік тауарын сақтайтын қойма, темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт және сүт зауыты бар 18 кәсіпорын іске қосылды. 43,8 миллиард теңге инвестиция тартылған кәсіпорында 1095 жаңа жұмыс орындары құрылса, 38,9 мың адам жұмысқа орналасты, - деді Абдалы Тоқбергенұлы.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT"
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 желтоқсан, 2024